Жеңіс күні - сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке.
Бұл мереке - бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер - солдаттар мен офицерлердің айбынын насихаттайтын ұлы мереке.
Ұлы жеңістің 80 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған "Қазақстан - айбарлы, асқақ елім" атты патриоттық әндер челленджін музыка пәнінің мұғалімі Ешниязова Гүлзада, сынып жетекшісі Шакиева Салтанат және 4 "П" сынып оқушыларынан құралған жас әншілер тобы бастауыш сынып оқушыларына жолдайды.
Тәуелсіз Қазақстанымыз аспаны әрқашан ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!