1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130 - дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату - тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.
Осыған орай, 30 сәуір күні Т.Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінде «Қазақстан - халықтар достығының мекені» тақырыбында 7 - сыныптар арасында әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық билері фестивалі өтті. Бұл шара Қазақстан халқының бірлігі мен мәдени көптүрлілігін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Фестиваль барысында оқушылар қазақ, орыс, кәріс, өзбек, украин, түрік және басқа да ұлттардың ұлттық билерін билеп, әр халықтың мәдениетін би өнері арқылы көрерменге жеткізе білді.
Оқушылар ұлттық киімдер киіп, сахнада өздерінің өнерлерін үлкен ынтамен көрсетті. Іс - шара мектеп ұжымының, ата - аналар мен қонақтардың жоғары бағасын алды. Фестиваль соңында ерекше өнер көрсеткен сыныптар жүлделі орындарға ие болып, барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Нәтижесінде 7«Е» сыныбы БАС ЖҮЛДЕ иеленіп, жақсы өнер көрсеткен сыныптар қалған орындарды өзара бөлісті.