Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
20 ақпан күні Т. Есетов атындағы
№264 мектеп - лицейінде қазақ тілінің жанашыры, ұлағатты ұстаз Қанипа Бітібаеваның 80 жылдығына арналған «Қ.Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері» тақырыбында қалалық ғылыми - практикалық конференция өтті. Конференция Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің «Цифрлық дәуірдегі қазақ тілі» тақыбындағы онкүндігі аясында ұйымдастырылды.
Қ.Бітібаеваның педагогикалық мұрасын дәріптеу мақсатында өткен бұл конференцияда Алматы қаласындағы Қанипа Бітібаева атындағы республикалық ғылыми - әдістемелік зерттеу орталығының, Қанипа Бітібаева академиясының директоры Шүйіншәли Абай Серікұлы, Халықаралық тренер, п.ғ.м. «Ұлттық құндылықтар академиясының» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Орманова Мария Айтпайқызы онлайн форматта өз пікірлерімен бөлісіп, ұлт жанашыры туралы құнды мәліметтерімен бөлісті.
Келесі бөлімде «Қ. Бітібаеваның оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту арқылы ғылыми ізденіске баулу әдістемесін тәжірибеде қолдану» тақырыбында Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мананбай Гаухар Абайқызы, №257 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қойшыбаева Майра Нуртазаевна «Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тағылымы және қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыптарында және «Ұлағат» мектебінің мұғалімі Баймағанбетова Маржан «Оқытудың озық үлгісін қалыптастырған ұстаз» тақырыбында баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті.
Бүгінгі жиында бар ғұмырын Абай тұлғасын зерттеу мен қазақ тілінің педагогикасына арнаған ұлағатты ұстаздың еңбектері мен ұстаздық тағылымдары жан - жақты талқыланып, ашық пікіралысу өтті.
Қатысушыларға мектеп - лицей директорының Алғыс хаты мен естелік сыйлық табысталды.
Конференцияға қатысушылар
Қ. Бітібаеваның қазақ тіліне сіңірген мол мұрасы мен әлі де зерттеуді қажет ететін еңбектері бар екенін көңілге түйді.