Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің облыстық ресурстық орталық маманы (Педагог-ассистент) Биржанова Акботаның "Көңілді пішіндер" тақырыбында түзете-дамыту сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты:
Негізгі геометриялық пішіндерді (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш) танып, атау. Пішіндерді түстері мен көлемі бойынша ажырату. Үлгі бойынша пішіндерден қарапайым бейне (қайық, күн, гүл, т.б.) құрастыру. Пішіндерді ұстап көру, сәйкестендіру арқылы ұсақ моторикасын дамыту. Математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
"Пішіндермен танысу”.
Мақсаты: оқушы ағаш пішіндерді қолмен ұстап, атын атайды, түсін ажыратады.
"Орнын тап”.
Мақсаты: геометриялық пішіндерді атайды, орнын тауып орналастырады, көлеміне қарай ажырата алады.
"Фигуралар пазлы”.
Мақсаты: дайын үлгіге қарап берілген пішіндерден пазл құрастырады, логикалық ойлауын дамытады, зейінін шоғырландырады.
“Wordwall” платформасымен жұмыс.
Мақсаты: тақырып бойынша алған білімін бекіту, берілген суреттерге сәйкес пішіндерді дұрыс орналастыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушыда геометриялық пішіндер туралы түсінік қалыптасады. Пішіндерді таниды, көрсете алады.
Пішіндерден пазл құрастырады, логикалық ойлауы қалыптасады, зейіні шоғырланады.