2025 жылдың ақпан айының алғашқы аптасы Т. Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінде “Жас ұлан” ұйымының 3 - сынып оқушылары арасында “Көңілді үзіліс” атты белсенді ойын - сауық шарасы өтті. Іс - шараны мектеп тәлімгері ұйымдастырып, оқушылардың үзіліс уақытын тиімді өткізуге бағыттады.
Ұйымдастырушы: Мектеп тәлімгері.
Шараның негізгі мақсаты:
Оқушыларды белсенділікке баулу
Достық қарым - қатынасты нығайту
Жасұландықтардың ұйымшылдығын арттыру
Көңілді әрі пайдалы үзіліс ұйымдастыру
Зияткерлік тапсырмалар:
• “Қарама - қарсы сөздерді байланыстыру”
• “Адасқан сөздер”
Бұл шара оқушыларға қуаныш сыйлап, мектептегі үзіліс уақытын қызықты әрі пайдалы өткізудің үлгісі болды.
Жасұландықтармен бірге көңілді әрі белсенді күндерді жалғастырамыз!