Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Педагог-ассистент: Жүгінісова Қаракөз
Сабақтың тақырыбы:
«Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту»
Сабақтың мақсаты
1.Оқушылардың қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту.
2.Тепе-теңдік сақтау және дене үйлесімділігін жетілдіру.
3.Ұсақ және ірі моториканы дамытуға арналған жаттығулар орындау.
4.Қимыл белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту.
Сабақтың міндеттері
• Қарапайым қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйрету
• Кеңістікті бағдарлау дағдысын қалыптастыру
• Қауіпсіздік ережелерін меңгерту
• Бұлшық еттің шамадан тыс тонусын төмендету (ДЦП кезінде)
• Қимыл үйлесімділігін дамыту
• Ұсақ моториканы жетілдіру
• Зейін, есте сақтау, нұсқауды түсіну қабілетін дамыту (ЗПР кезінде)
• Өзіне деген сенімділікті арттыру
• Қимыл белсенділігіне қызығушылық қалыптастыру
• Тәртіпке, шыдамдылыққа тәрбиелеу
Жаттығулар
Тапсырма 1
1. Баяу созылу жаттығулары
– Қолды жоғары көтеру, баяу түсіру (4–6 рет)
– Аяқты тізеден бүгу-жазу
2. Пассивті-қозғалыс жаттығулары
– Мұғалімнің көмегімен буындарды баяу қозғалту
Тапсырма 2
1. Сызық бойымен жүру
– Еденге сызылған сызықпен баяу жүру
2. Бір аяқпен тұру (қолдау арқылы)
– 5–10 секунд ұстап тұру
Тапсырма 3
1. Допты домалату (жұппен)
2. Үлкен жұмсақ допты лақтыру
3. Допты қағып алу (жақын қашықтықта)