Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2026 жылғы 3 ақпан күні Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың және қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараға Қызылорда станциясы ЖПБ ӘПБ-нің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты С. Асанов және Қызылорда станциясы ЖПБ ӘПБ-нің АжҚҚАБТ инспекторы, полиция аға лейтенанты С. Мырзаханов қатысып, білім алушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жол қозғалысы қауіпсіздігі, интернет пен әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ зиянды әдеттерден (есірткі, темекі, электронды темекі, алкоголь, лудомания және т.б.) сақтану мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жасөспірімдерді заңсыз әрекеттерге тартатын топтардан бойды аулақ ұстау қажеттігі және мұндай әрекеттердің қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны қатаң ескертілді.
Сондай-ақ, суық қарулар мен тыйым салынған заттарды алып жүруге заңмен тыйым салынғаны атап өтілді.
Аталған кездесу білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталды.