Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінде Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Рысбай Бақытжан Жаңабайұлы және мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Абдигапбаров Сабыр және Киымов Габдул мен 11 "В" сынып жетекшісі Абдраманова Мәрзия, мектеп психологі Жақсыбаева Алма жоспарға сәйкес балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында жиын өткізді. "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбындағы іс - шара барысында білім алушыларға жол ережесін сақтау, зиянды заттардан аулақ болу, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, қылмыс пен құқықбұзушылық фактілерінің түбі, заң аясында жауапкершілігі туралы мәліметтер айтылды. Оқушылар түрлі сауалдарына жауап алды.