Құқықтық сауат – заман талабы
13 қаңтар күні Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде «Адал азамат» бағдарламасы аясында, құқық негіздері пәні мұғалімі Дарибаева Саяның ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары арасында «Құқықтық сауат – заман талабы» атты интеллектуалды сайыс өтті
Сайыстың басты мақсаты – оқушылардың құқықтық білімін арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Сайыс бірнеше кезең бойынша өтіп, оқушылар өз білімдері мен белсенділіктерін жоғары деңгейде көрсетіп,жүлделі орындармен марапатталды.
Аталған іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға оң ықпал етті.
Заңды білетін ұрпақ – қауіпсіз қоғамның негізі!