12 наурыз 2026 жылы Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 8–11 сынып оқушыларына арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және бөтеннің мүлкін ашық жымқыру – тонау қылмысының зардаптарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесуге ҚПБ ҚҚб ЮПб УПИ-ры полиция аға лейтенанты Б.Жубатов пен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Киымов қатысып, оқушыларға заң алдындағы жауапкершілік, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 191-бабында қарастырылған тонау қылмысы және оның салдары туралы кеңінен мәлімет берді.