Ағымдағы жылдың 12 қарашасында Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ұ. Оразгелді, бөлім басшысы А. Қосбергенова, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының аға инспекторы Р. Абдразақова Қызылорда қаласындағы Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында «Мен және менің құқығым» тақырыбында ақпарат беріліп, жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар, буллинг және олардың жауапкершілігі туралы түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды.