Құндылыққа негізделген тәрбие – тұлға қалыптастырудың өзегі №264 мектеп-лицейдің 4 «О» сыныбында сынып жетекшісі Досқалиева Айзаттың жетекшілігімен білім алушылардың адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық секілді әлеуметтік-маңызды құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстары «ADAL BALA» платформасы негізінде жүзеге асырылуда. Интерактивті тапсырмалар мен рефлексияға бағытталған сұрақтар оқушылардың сыни ойлауын дамытып, құндылықтарды өмірлік жағдаяттармен байланыстыра меңгеруіне мүмкіндік береді. Нәтижесінде білім алушылардың саналы таңдау жасау, жауапкершілікпен әрекет ету дағдылары қалыптасуда. «ADAL BALA» - тәрбиені жүйелі және мазмұнды ұйымдастыруға арналған тиімді платформа.