14 қаңтар күні Т. Есетов атындағы
#264 мектеп-лицейінде «Құндылықтар негізінде балаларды тәрбиелеуде мектептің рөлі» тақырыбында ата аналармен ұйымдастырылған коучинг өтті.
Мақсаты: отбасы және мектеп, ата-ана, мұғалім арасындағы қатынасты үйлестіру. Бала тәрбиесіндегі ата - ана көзқарасын кеңейту.
Барысы
* Смайликтер арқылы сәлемдесу
* Ата аналармен танысу
* Түрлі түсті асықтар арқылы топтарға бөліну
* Құндылықтар туралы мәлімет беру . Негізгі құндылықтарды атап өту.
* Топтық жұмыс «Суреттер арқылы мектепте мұғалімдер құндылықтарды балаға қалай үйретіп жатыр?»
* Ұмытылып бара жатқан дәстүрлерді жаңғырту
*Қамшы өру
*Құрақ құрау
*Жүн сабау, жүн түту
*Ұршық иіру
Балалық шаққа саяхат «Шалқан» ертегісі бойынша рөлге бөлініп бір іс қимыл,бір дыбыс шығарады.
Қорытынды« Сұрақ менен жауап сізден» сұрақ- жауап.
Кездесу өте тартысты әрі көңілді өтті. Ата-аналар коучингте мектептің Біртұтас тәрбие аясындағы балалармен өткізіліп жатқан құндылықтармен танысты.
Ата аналар ризашылығын білдіріп ізгі тілектерін жеткізді.
Ұйымдастырушылар: Бастауыш сыныптар бірлестігі