Қоғамдық тәртіп пен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белсенді ата-аналар мен ерікті педагогтар құзырлы органдармен бірлесіп, түнгі рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз жүруінің алдын алу, олардың қауіпсіздігін бақылау және ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу басты назарда болды. Сонымен қатар қоғамдық орындардағы тәртіптің сақталуы да жіті тексерілді.
Мұндай бірлескен жұмыстар – балаларымыздың қауіпсіз болашағын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Сондықтан барша ата-аналарды балаларының бос уақытын қадағалап, оларға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.
Бірге қауіпсіз қоғам құрайық!