Мектебімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған ата-аналар мен педагог-ассистенттер арасында тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушылар танымдық, психологиялық, шығармашылық ойындарға қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Педагог-ассистенттер тиімді әдіс-тәсілдерін практикалық сабақтар арқылы көрсетіп, ата-аналармен бірлескен жұмыстар жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты – ата-ана мен педагог арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, әр баланың мүмкіндігіне сену және жетістігін бағалау.
Балаға қолдау көрсету – ортақ міндет, ал оның әрбір жетістігі – бәріміздің қуанышымыз!