ҚҰРМЕТКЕ ИЕ ҚОС ҰСТАЗ
15 қазан күні «Абай» ДБА мектебінде өткен «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының қалалық кезеңінде
Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінен 4 мұғалім қатысып, екеуі жүлделі III орынға ие болды.
Абдукаримова Римма Бахтиярқызы – «Психолог сандықшасы» бағыты бойынша кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін танытып, жоғары бағаға ие болды. Ол оқушының тұлғалық дамуына ықпал етудің тиімді тәсілдерін ұсынып, жаңа идеяларымен ерекшеленді.
Сағидан Ақбота - «Шеберлік палитрасы» бағытымен қатысып, математика пәні бойынша кәсіби біліктілігін көрсетті. Ұстаз өз тәжірибесінде заманауи әдіс-тәсілдерді ұтымды қолданып, оқытуда жаңа идея ұсынды.
Қос ұстазымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Кәсіби шеберліктеріңіз арта берсін, еңбектеріңіз табысты, идеяларыңыз жемісті болсын.