Құрметті, қала тұрғындары мен қонақтары!
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы “Өрт қауіпсіздік айлығы” аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Өрттің алдын алу – әрқайсымыздың жауапкершілігімізде.
Тұрмыста өрттің болуына жол бермеу үшін төмендегі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаңыздар:
- Электр сымдарының, розеткалардың және тұрмыстық құрылғылардың жарамдылығын тексеріңіз;
- Қуаттылығы жоғары бірнеше құрылғыны бір розеткаға қоспаңыз;
- Қолдан жасалған электр қыздырғыш құралдарды пайдаланбаңыз;
- Қыздырғыштарды киім кептіруге қолданбаңыз;
- Газ плиталарын бөлмені жылытуға пайдалануға тыйым салынады;
- Пеш пен мұржаларды уақытылы тазалап, жөндеуден өткізіңіз;
- Пештің алдына металл парақ орнатыңыз;
- Пеш пен электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;
- Балалардың сіріңке мен оттыққа қол жеткізуіне жол бермеңіз;
- Төсекте шылым шекпеңіз.
Егер өрт жағдайы орын алса, дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.
Өз өміріміз бен отбасымыздың қауіпсіздігі өз қолымызда!
Өрт қауіпсіздігін сақтайық, амандықты сақтаймыз.
