Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен және Қызылорда қаласының спорт бөлімінің қолдауымен мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі, спорт ардагері Дүйсебаев Нұрлан Бөлегенұлын зейнет демалысына шығарып салуға арналған Қызылорда қаласының жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері арасындағы волейбол турнирі жоғары деңгейде өткізілді.

Бұл тағылымды шара — саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне, спорт саласының дамуына арнаған ардақты ұстазға деген зор құрмет пен шынайы алғыстың айқын көрінісі болды.

Салтанатты жиында Қызылорда қаласының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Еркін Ертуғанұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, Нұрлан Бөлегенұлына Қызылорда қаласы әкімінің құттықтау хаты мен құрмет грамотасын табыстады.

Сонымен қатар, мектебіміздің директоры А.Б. Рахметов пен кәсіподақ мүшесі А. Далиева ардақты ұстазға ізгі тілектерін білдіріп, көп жылғы елеулі еңбегі үшін құрмет көрсетті.

Ұстаздық жолы мен спорт саласындағы қажырлы еңбегі арқылы талай шәкіртке бағыт-бағдар берген Нұрлан Бөлегенұлының өнегелі ғұмыры — кейінгі жас буын үшін әрдайым үлгі. Еңбегіңіздің жемісін көріп, зейнеттің қызығын отбасыңызбен бірге көре беруіңізге тілектеспіз!