Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында облыстық деңгейде өткен «Қыс кереметі» атты жас суретшілер байқауы өз мәресіне жетті.
Аталған додада мектеп-лицейіміздің оқушылары ерекше көзге түсіп, шығармашылық шеберліктерін жоғары деңгейде дәлелдеді. Үйірме мүшелері қадамдарын нық басып, жүлделі орындарға ие болды.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын – Мұратбек Хамида;
ІІ орын – Рафаэль Жансая;
ІІ орын – Жұмаханова Инабат.
Сонымен қатар ерекше шығармашылық ізденістері мен белсенділігі үшін бірқатар оқушыларымыз арнайы сертификаттармен марапатталды.
Жас суретшілердің жетістігіне жетекшілік еткен ұстаздар: Н. Мажиханов, Н. Шыманов, Т. Қараманов, А. Қазиев.
Бұл марапат – қажырлы еңбек пен өнерге деген шынайы махаббаттың жемісі. Шәкірттерімізді мақтан тұтамыз! Болашақтарың жарқын болсын, жас таланттар!