Қыз бала тәрбиесі - ұлт болашағы
Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде жасөспірім қыз балалардың денсаулығын қорғау және саналы өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Қыз бала гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге №3 қалалық емхананың акушер-гинеколог дәрігері Сапа Лаура Ержанқызы және психолог Искакова Фариза Асқарқызы қатысып, оқушыларға ерте жүктіліктің алдын алу, қыз бала гигиенасы, жасөспірім кезеңіндегі физиологиялық және психологиялық өзгерістер туралы кеңінен ақпарат берді.
Іс-шара барысында мамандар ерте жүктіліктің денсаулыққа тигізетін зияны мен оның әлеуметтік салдары жайында түсіндіріп, жасөспірімдердің бұл мәселеде дұрыс ақпарат алып, саналы шешім қабылдауы маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар отбасы тәрбиесінің, әсіресе, ана мен қыз арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы айтылып, қыз балалардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы қажеттігі түсіндірілді.