Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 5 қыркүйек Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Қызықты қазақ тіл әлемі» атты интеллектуалды сайысқа
Анықтама
Іс-шараның мақсаты: Өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығы мен оқу белсенділігін және оқу сапасын арттыру, білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.
2024 жылдың 5 қыркүйек айында Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде
5 қыркүйек Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Қызықты қазақ тіл әлемі» атты 7-сынып оқушыларының қатысуымен интеллектуалды сайыс өтті. Сайыстың мақсаты ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру.
Іс-шараның құрметті қонақтары және әділқазылар алқасында мүшелік еткен мектеп-лицейіміздің ұстаздары - Нұрдавлатова Клара, Табынбаева Бекзат және Ахметов Сьезбек ағай.
«Қызықты қазақ тіл әлемі» атты интеллектуалды сайыс ІІІ кезеңнен тұрды.
І. Бәйге. Бұл кезеңде әр топқа қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез жауап беруі тиіс.
ІІ. «Полиглот» деп аталатын кезеңде мақал-мәтел беріледі. Көп нүктенің орнына тиісті сөздің орыс және ағылшын тілдерінде аудармасын табады.
ІІІ. «Алты жұмбақ» кезеңінде шығармадан үзінді беріледі. Оқушылар берілген үзіндіні қай шығармадан екенін анықтайды.
Сайысқа 7 «А» және 7 «Н» сынып оқушылары қатысты. Әр топ өздерінің аттарын, ұранын, таңбасын таныстырды. Сайыстың кезеңдеріндегі тапсырмалар арқылы оқушылар білім деңгейлерінің жоғары екенін көрсетті. Ағылшын тілін жақсы меңгергендігі байқалды.
Ойын соңында жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.