Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Жаннат Мылтықбайқызының құттықтауы! Құрметті жерлестер! Бәріңізді еліміздің ең ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Біз ата-бабамыздың ат үстінде күнелтіп, табанынан сыз өтіп сан ғасырлар бойы аңсаған арманына 33 жыл бұрын қол жеткіздік. Осы жылдар ішінде шекарамыз шегенделіп, мемлекетіміз әлемдік аренада айтулы жетістіктерге жетті дей аламыз. Ең бастысы, елдігіміз бен егемендігіміз нығая түсті. Кез келген бәсекеге қабілетті саналдық, елімізде тұрақтылық, қоғамымызда татулық пен келісім болуы үшін тер төктік. Тәуелсіздікпен бірге тасқа қашалған тарихымыз, төл мәдениетіміз, білім - ғылым саласындағы оқыту әдісі мен ата дәстүріміз қайта түледі. «Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс» деп мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында шегелеп айтқан болатын. Иә, Тәуелсіздікті алып, оны жер - жаһанға паш ету - бір бөлек, ал тәуелсіздікті сақтап қалу - одан да зор міндет. Бабадан мирас болған жерімізді көздің қарашығындай сақтау, тәуелсіздігімізді баянды ету, еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет ету - бәріміздің борышымыз. Еліміздің ұлық мерекесінде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ - береке тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ғұмырлы болсын!