Бүгін 29 қыркүйек күні Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде «Қарттарым – асыл қазынам!» тақырыбында қарттар күніне арналған мерекелік құттықтау концерті өткізілді. Концертке мектебіміздің ардагер ұстаздары мен зейнеттегі қызметкерлер шақырылды.
Эстетика бірлестігі мен физика-информатика бірлестігінің ұйымдастырған бұл шара қазыналы қарттарымызды мектеп фойесінде құрметпен қарсы алудан басталды. Ары қарай мектеп АКТ залында оқушылар мен ұстаздар ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.
«Ұстаздан – ұстазға» бөлімінде жас мамандар ардагер ұстаздардың батасын алып, арнайы гүл шоғын ұсынды.
Кеш барысында орындалған 10-11 сынып оқушыларының хоры, “Көркем-ай” би тобының ерекше биі мен “Жас дарын” хор үйірмесі өнерпаздарының құйқылжыта салған әндері қарттарымыздың көңілін көтеріп, ыстық ықыласына бөленді.
Ардагер ұстаздар мен абыз қарттарымызға әдемі кеш пен сый-сыяпаттарын ұйымдастырған мектептің Бастауыш кәсіподақ ұйымы,
Қосымша білім беру орталығы және мектебіміздің тәрбие бөліміне үлкен алғыс білдіреміз!