Т. Есетов атындағы #264 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері ұйымдастырған "Қазақ тілінің білгірлері" интеллектуалды сайысы 17.10.2024 ж. күні 4 - сыныптар арасында өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Интеллектуалды сайыс 4 кезеңді қамтиды.
1 - кезең. Ойлы болсаң озып көр.
2 - кезең. Кім тапқыр (сурет бойынша мақал - мәтел құрастыру)
3 - кезең. Ойна да, ойлан (Жұмбақтардың шешуін табу)
4 - кезең. Берілген сөздерден сөйлем құрау
Сайысқа 18 оқушы қатысты. Сайыс өз деңгейінде өткізілді. Әділқазылар бағалап, оқушыларды марапаттады.
I орын - 4 "Б" сынып оқушысы Масақ Сағдия
II орын - 4 "Л" сынып оқушысы Марат Сұңғат
III орын - 4 "Ж" сынып оқушысы Жақсылық Саламат
Сайысқа қатысушы оқушылар алғыс хатпен марапатталды. Сайыс өз мақсатына жетті.
Ұйымдастырушылар:
Шырынханова Гүлмира,
Ібіраш Аяулым