Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т. Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінің бастауыш сыныптар мұғалімдері ұйымдастырған «Қазақ тілінің білгірлері» интеллектуалды сайысы 15.10.2024ж күні 2 - сыныптар арасында өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

Инттелектуалды сайыс 4 кезеңді қамтыды.
1 - кезең: Ойлы болсаң, озып көр (ұяшықтар таңдап, сұраққа жауап береді).
2 - кезең: Кім тапқыр? (Сурет бойынша мақал - мәтел құрастыру) 
3 - кезең: Ойна да, ойлан ( жұмбақтардың шешуін табу).
4 - кезең: Адасқан сөздер ( сөйлемдегі сөздерді дұрыс орналастыру).

Сайысқа 17 оқушы қатысты. Сайыс өз деңгейінде өткізілді. Әділқазылар әділ бағаларын беріп, оқушылар марапатталды.

Бас жүлде - 2 Н сыныбы Самалбек Абдрахман

1 орын - 2 Г сыныбы Шаммаханбет Мерей

2 орын - 2 Ә сыныбы Қаршыға Асанәлі

2 орын - 2 М Жеңіс Шұғыла

3 орын - 2 Ж сыныбы Бақтиярұлы Нұриман Али

3 орын - 2 К сыныбы Орлов Роман

3 орын - 2 Д сыныбы Базарбек Ержігіт

Қалған оқушылар Алғыс хатпен марапатталды.

Сайыста оқушылар электронды тақтамен жұмыс жасай отырып, өздерінің шеберліктерін, ойлау қабілетінің жылдамдықтарын байқатты. Сайыс өз мақсатына жетті. Ұйымдастырушылар: бастауыш сынып мұғалімдері Акимова Лаура, Сейдуллаева Эльмира.