Бүгін Тәкей Есетов атындағы 264 мектеп-лицейінде "Бастауыш сыныптар" онкүндігінің аясында 2-сынып оқушылары арасында "Кейіпкерге хат" атты танымдық әрі шығармашылық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру, кейіпкер бейнесін түсіне отырып, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Оқушылар оқыған шығармаларындағы кейіпкерлерге хат жазып, олардың іс-әрекетіне өз пікірлерін білдірді. Балалар кейіпкерлерге ақыл-кеңес беріп, өз тілектерін жазып, ерекше әсерлі ойларымен бөлісті.
Оқушылар:
"Ең үздік хат"
"Ең креативті хат"
"Ең әсерлі хат" номинацияларымен марапатталды.
Іс-шара барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамып, кітап оқуға деген қызығушылықтары арта түсті.