Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

13 маусым күні Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Цифрлық қоғам жағдайында мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту процесінде дағдыларды кіріктіру: мәселелер, шешімдер және келешегі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткен болатын. 
Осы конференцияға мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Қамбарова Нұрсұлу Базарбайқызы қатысып, жұмысы «үздік» деп танылды!
Н. Базарбайқызы «Мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының психотілдік дамуын қамтамасыз етудегі сабақтастық пен интеграцияның білім беру сапасына әсері» тақырыбында баяндама оқып, өз тәжірибесімен бөлісті. Үнемі шығармашылық ізденісте жүріп, шәкірттеріне терең білім беріп жүрген жас ұстазямызды үлкен жеңісімен құттықтаймыз! Еңбегіңіз жемісті болсын!