Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің 7 «Г» сынып оқушылары «Оқырманды бірге тәрбиелейміз» тақырыбы аясында «Кітап – білімнің кілті» атты бейнеролик түсірді.
Бейнероликтің негізгі мақсаты – оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға баулу және білімнің маңызын насихаттау.
Түсірілім барысында оқушылар мектеп кітапханасында болып, кітап оқудың адам өміріндегі орны мен құндылығын көрсете білді.
Әр оқушы бейнероликке белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты. Сонымен қатар оқушылар үзіліс уақытын тиімді пайдаланып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын көрсетті.
7 «Г» сынып оқушылары бұл бастаманы челлендж ретінде басқа сынып оқушыларына жолдап, барша оқырмандарды кітап оқуға шақырады.
Кітап – адамзаттың асыл қазынасы. Кітап оқып, білімімізді бірге арттырайық!