Мектебімізде 14 ақпан күні “Кітап сыйла!” атты акция өтті.
Бұл шараның басты мақсаты - достықты нығайту, оқуға деген қызығушылықты арттыру және кітап алмасу дәстүрін қалыптастыру.
Әр оқушы өз мұғаліміне немесе досына ерекше кітап сыйлап, оның құндылығын жеткізді. Бұл кітапты не үшін ұнатқанын, қалай әсер еткенін айтып, ізгі тілегін жазып берді.
Кітап - тек қана білім көзі емес, сонымен қатар достықтың, қамқорлықтың және сыйластықтың белгісі. Бір - бірімізге кітап сыйлап, жақсы дәстүр қалыптастырайық!