2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі мектебінде 3-сынып оқушылары арасында «Кітап – қиял қанаты» атты (International Children’s Book Day арналған мектепішілік шоу) ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сахналық мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеті мен қиялын ұштау.
Шоу бағдарламасы:
1-бөлім: Ашылу
Көңілді әуенмен басталып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
2-бөлім: Театр SHOW
Оқушылар сүйікті кітап кейіпкерлерін сахнада сомдап, көріністер көрсетті.
3-бөлім: Интерактив ойын – «Кейіпкерді тап!»
Балалар ойын арқылы түрлі ертегі кейіпкерлерін табуға белсене қатысты.
4-бөлім: Музыкалық үзіліс
«Гүлдер» биі көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
5-бөлім: Айтыс
Оқушылардың тапқырлығы мен сөз өнері көрініс тапқан қызықты айтыс өтті.
6-бөлім: Шығармашылық SHOW – «Менің қиялымдағы кейіпкер»
Балалар өз қиялындағы кейіпкерлерін таныстырып, шығармашылықтарын көрсетті.
Марапаттау кезеңі:
• «Ең үздік оқырман» 3 "Д" сынып оқушысы Қуаныш Айсұлтан
• «Көркем сөз шебері» 3 "А" сынып оқушысы Баянды Сәуле
• «Ойы терең қатысушы»
3" Р" сынып оқушысы Қасымханқызы Асылым
• «Рөлді шебер сомдаушы»
3 "З" сынып оқушысы Әбілбек Айсая
• «Жас айтыскер » 3"Н" сынып оқушысы Нартай Нұрпейіс
• «Тіл байлығы мол оқушы»
3" Е" сынып оқушысы Жұмағали Ескендір
«Зерек ойлы оқушы »
3" К " сынып оқушысы Нағашыбек Інжу
«Сөз маржанының иесі» • 3 "О" сынып оқушысы Әбілбек Мерей
• «Ертегі әлемінің білгірі »
3"Г" сынып оқушысы Нұрлыбек Ансар
«Кітап жанашыры»
3" В" сынып оқушысы Иса Рамазан
• «Белсенді оқырман»
3 "Л" сынып оқушысы Нұрлан Шахназар атты оқушылар марапатталды.
Қорытындылай келе балалар кітапқа деген қызығушылықтарын арттырып, кітаппен дос болып, өз өнерлерін паш етті. Кеш өте әсерлі әрі көңілді өтті.
Ұйымдастастырушылар: Мүслімова Қарлығаш, Әбитаева Мөлдір, Сейдуллаева Эльмира, Бижанова Назерке.