Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Кітап көрмесі және кітапханаға экскурсия.
Тәкей Есетов атындағы 264мектеп-лицейінің 4”В” сыныбында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатынды кітап көрмесі ұйымдастырылып, экскурсия жасалды. Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі қызықты кітаптармен ертегілер, танымдық әдебиеттермен танысты.Кітапхана қызметкері кітапхананың ережелері,кітапты күтіп ұстау жолдарын және кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы түсіндіріп өтті.Оқушылар кітапхана бөлімдерін аралап көріп,өздеріне ұнаған кітаптарды тамашалады.Бұл экскурсия балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып,білімге құштарлығын дамытты.
Кітаппен дос болған бала болашақта білімді,саналы,тәрбиелі тұлға болып өседі.
Мақсаты: Оқушыларға кітаптың білім көзі екенін түсіндіру,кітапхана туралы толық мағлұмат  беру,кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру,кітапты ұқыпты ұстауға және кітапхананы дұрыс пайдалануға үйрету.
Міндеттері: 
1.Кітаптың пайдасы туралы түсінік беру.
2.Кітапхана ережелерімен таныстыру.
3.Оқушылардың кітап оқуға ынтасын дамыту.
4.Ұқыптылыққа,тазалыққа,тәртіпке тәрбиелеу.