Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі 2025-2026 оқу жылының оқу жоспарына сәйкес білім алушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен “Кітап әлемі - шексіз әлем” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның білім мен рухани дамудағы орны туралы ой бөлісті. Оқушылар белгілі тұлғалар туралы дайындалған бейнероликтерді тамашалап, олардың кітапқа деген көзқарастары мен оқуға қатысты пікірлерімен танысты. Сонымен қатар сабақ барысында түрлі цифрлық платформалар арқылы дайындалған тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беріп, кітап жайлы қызықты мәліметтермен бөлісті. Әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға және кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Сабақ өте жоғары деңгейде, белсенді әрі тартымды форматта өтті. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, пікір алмасу барысында белсенділік танытты. Ашық сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Рамберді Сандуғаш және Бурабаева Фариза өткізді.
Қорыта келе, сабақ барысында білім алушылар кітаптың адам өміріндегі орны мен маңызын терең түсініп, кітап арқылы рухани байып, ой-өрісін кеңейтудің маңыздылығын ұғынды. Кітап - адамды білім мен даналыққа жетелейтін сарқылмас қазына екені тағы бір мәрте дәлелденді.