Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

✨ Ағылшын тілінде оқитын құмарпаз болғың келе ме? Онда мектебіміздің кітапқұмар оқушыларының ұсынған ағылшын тілінде оқуды жаңадан бастағандар үшін оңай, қызықты әрі шабытқа толы кітаптарын өз тізіміңе қос!
📖 1. Charlotte’s Web – E. B. White
Жылы да әсерлі оқиға. Уилбур торай мен өрмекші Шарлоттаның шынайы достығы сізді бейжай қалдырмайды. Тілі жеңіл, балаларға да, ересектерге де қызық.
📖2. The Little Prince – Antoine de Saint-Exupéry
Қарапайым сөздермен жазылған терең философиялық ертегі. Арман, достық, жауапкершілік жайлы ойландырады.
📖3. Anne of Green Gables – L. M. Montgomery
Қиялшыл, ақкөңіл Анна есімді қыздың жаңа өмірге бейімделу жолы. Табиғатқа бай сипаттамалар, көркем, бірақ түсінікті тіл.
📖4. The Alchemist – Paulo Coelho
Қазына іздеп сапарға шыққан Сантьягоның оқиғасы – өз арманыңды табуға арналған рухани жол. Тілі жеңіл, философиялық ойларға толы. Әр беті – мотивация!
📖5. Atomic Habits – James Clear
Өміріңді өзгерткің келсе – осы кітаптан баста. Әдет қалыптастырудың қарапайым, бірақ тиімді жолдары түсінікті тілмен жазылған. Мектеп оқушысына да пайдалы.
📖6. The House on Mango Street – Sandra Cisneros
Эсперанса есімді қыздың көзімен көрінген көше өмірі. Қысқа әңгімелер, жеңіл стиль – ағылшын тілін жаттықтыру үшін таптырмас мүмкіндік.
✨Кітап оқы, тіл үйрен, әлемге терезе аш!
Ағылшын тілін қызықпен меңгергің келсе, осы кітаптармен бастау керемет таңдау!
Сен де оқуға құмар бол!