Кітапханаға саяхат
Кітапхана - кітаптар әлеміне апаратын қызыққа толы жол, сол жолмен жүруге әр оқушының ынтасы ауады.
«Балалар кітапханасы» бағыты бойынша Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің 7 «А» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Нұрмаханова Гүлзат 4 қараша күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық кітапханаға саяхат жасады.
Мақсаты: кітап әлемі туралы түсінік беріп, кітапхана өмірімен таныстыру; білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру; оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру; кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.
Кітапханашы Жәнібекова Ардақ оқушыларға кітапхана туралы, абонемент, оқу залы, кітаптардың қалай орналасқаны, кітапханаға қалай жазылу керектігі, «Балалар әдебиеті» бөлімі туралы толық мәлімет берді. Сондай-ақ іс-шара барысында оқушыларға ертегі кітаптар, қазақ, орыс және шетел шығармалары, балаларға арналған энциклопедиялар мен басқа да көркем суреттелген кітаптар таныстырылды.
Кіші оқырмандарымыз қызығушылық танытып, кітап туралы өз ойларын айтып берді. Шара соңында кітапханашы оқушыларды кітап сүюге, кітаппен дос болуға шақырды.