29.01,2025ж. күні мектебімізде
Қызылорда қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшісі аға сержант Р.Б.Нүркенова, Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қызметкері А.Ермекбайқызы, Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының курсанттары А.Куатбаев, А.Василий, АӘТД оқытушысы С.Абдигапбаровтың ұйымдастырумен
10 - 11 сынып оқушыларына жоғары әскери оқу орындарына үгіт - насихат жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында арнайы келген мамандар әскери оқу орындарына дайындалатын құжаттар тізімімен, жалпы әскери оқу орындарының ережелерімен, оқуға түсу жолдарымен таныстырып, әскери өмірдің қиындығы мен қызықшылығына тоқталды.
Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының курсанттары күнделікті әскери оқу орындарында түсірілген бейнероликтерді көрсетіп, тұрмыс тіршілігімен таныстырды. Әскери оқу орындары туралы қысқаша мәліметтер бере отырып, оқушылардың ойында жүрген сұрақтарына жауап бере отырып, қазіргі таңда әскери оқу орындарына жан - жақты үгіт - насихат жұмыстарының жоғары нәтижеде жүргізілуіне байланысты қаламызда талапкерлер саны артып келе жатқанын тілге тиек етті.