Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т. Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінің “Жасанды интеллект технологиялары - заман талабы” атты бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндігі аясында ұйымдастырылған «Қызық екен» мұғалімдер арасындағы интеллектуалды сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты:
Мұғалімдердің шығармашылықтарын, білімдерін шыңдау, ойлау қабілеттерін дамыту;
Қызықты деректермен білімдерін толықтыру; Ұжыммен жұмыс жасауға бейімдеу.
Сайыста 2 топқа бөлініп, бақ сынады.
Ойын барысында 12 ұяшыққа 12 сұрақ жасырылды.
1. Кітапхана
2. ⁠Өлшем бірліктері
3. ⁠Мерекелер
4. ⁠Сен білесің бе?
5. ⁠Әр елдің салты басқа
6. ⁠Қазақстан әлемі
7. ⁠Қызықты мультфильм
8. ⁠Ел атауы
9. ⁠Әнұран
10. ⁠Ережелер
11. ⁠Қазақтың ұлттық ойындары
12. ⁠Кинотеатр
Осы 12 тақырып аясында әлем бойынша таңқаларлық деректерге толы қызықты сұрақтар қойылды.
Әрбір дұрыс жауапқа 500 теңгеден қаржылай сыйлықтар берілді.
Озат болу шарты сол - еңбектену, жалықпау демекші, ойыншыларымыз жоғары деңгейде сұрақтарға жауап беріп, ойын қызықты өтті.
Сайысқа қатысушылар дипломдармен марапатталып, сайыс өз мәресіне жетті.
Ұйымдастырушылар: Абдиканиева Айғаным
Мүсілімова Қарлығаш
Сұлтанбек Гүлшат
Сейдуллаева Эльмира