Қызылорда облысы әкімінің І ашық кубогі аясындағы «Б» турнирінде Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінен 16 жасқа дейін спортшылар арасында бақ сынаған оқушымыз Айдарбек Нұрдос 3- орынға ие болды! Нұрдосты жеңісімен мектеп басшысы Бек Сұлтанбекұлы құттықтап, үлкен үміт артатынын білдірді.
Жас шахматшыларды озық спорт түріне баулып жүрген шахмат үйірме жетекшілері Орақов Әділ, Сүйіндіков Марат, Сейдеметов Мұхаммедәлі, Қайрақбайұлы Нұрсұлтан ағайларын құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз.