28 қаңтар күні мектеп - лицей АКТ залында ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналысты мектеп - лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Н. Дүйсебекова мен Ғ.Қиымов жүргізді.
Жиналыста ұлдар кеңесінің жетекшісі Серікбай Расул ер балалардың тазалығы, тәртібі жайлы айтып өтті. Ер балалар тазалығы аяқ киімнен басталып, ақ көйлектің үтіктелуіне дейін мән беруден тұратынын ескертті.
Мектеп - лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Қиымов сөз алып, ұрпақ тәрбиесіндегі ер баланың рөлі туралы тоқталды:
«Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата - бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуға, өнерге, білімге, салтдәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала - қазақта шаңырақ иесі, ер - азамат - ата - ананың отын тұтатушы болып саналады. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тәрбиесінде осы баға «жігіт сыны» деп аталады. Ер жігіт осындай «сынға» төтеп беріп, «жігіт» атына лайық болу керек - деп аяқтады.
Жиналыс соңында қатысушылар мектеп ережесіне бағынып, тәртіпті, таза жүруге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге уәделесті.