Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

11 наурыз күні Т.Есетов атындағы 264 мектеп - лицейінде “Жасанды интеллект құралдарын педагогикалық қызмет тиімділігін арттыру мақсатында қолданудың ерекшеліктері” тақырыбында бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндігі аясында "Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс: тиімді әдістер мен педагогикалық қолдау" тақырыбында тренинг өткізілді. 
Мақсаты: Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасаудың тиімді әдістерін талқылау,тәжірибе алмасу,нақты әдіс - тәсілдерді талқылау болатын.
Жұмыс барысында 5 - кезең қамтылды:
1 - кезең: " Жылы лебіз"айдары
2 - кезең: " Ой қозғау" бөлімі
3 - кезең:
Топтық жұмыс
1 - топ:Танымдық себептеріне байланысты топтастыру
2 - топ: Педагогикалық - психологиялық себептеріне байланысты топтастыру
3 - топ: Әлеуметтік себептеріне байланысты топтастыру
4 - кезең:
"Тәжірибелі маман мен пән мұғалімі,сынып жетекшінің көзқарасы"
5 - кезең: 
Үштік одақ: ата - ана,мектеп,мұғалім
Тақырыпқа сәйкес өзекті мәселелер талқыланды.Пәнаралық байланыс та қамтылды.Орыс тілі пәнінің мұғалімі Нуржанова Гульжанат және музыка пәнінің мұғалімі Рахметова Манат апайлар осы тақырып төңірегінде жұмыстарын дайындап әкеліп,өзара тәжірибе алмасты.Сапалы да жүйелі жұмыс қатысушылардың көңіл төрінен орын алғаны жұмыс барысында айқын аңғарылды.
Бүгінгі тренинг барысында біз үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасаудың түрлі тәсілдерімен бөлісіп, өз тәжірибемізді ортаға салдық. Әр баланың жүрегіне жол табу - ұстаз үшін үлкен жауапкершілік әрі зор өнер. Әр оқушы - өзінше ерекше тұлға. Оларға сенім артып, қолдау көрсеткен кезде ғана біз олардың бойындағы қабілетті ашып, болашаққа сеніммен қадам басуына мүмкіндік береміз.
Ұстаздың жылы сөзі, шынайы қолдауы мен дұрыс бағыт - бағдары кейде баланың бүкіл өміріне әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір оқушының жетістігі - біздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі.
Бала жүрегіне жол таба білген мұғалім - нағыз ұстаз.
Баршаңызға шығармашылық табыс, толағай жетістіктер, сарқылмас шабыт және шәкірттеріңіздің биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!
Ұйымдастырушылар: Бимаханова Жарқынай
Абиханова Айгүл 
Сәндібекова Несібелі 
Аманжол Арайлым