Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Ұлт тәрбиесінің қайнар көзі - кітапхана» іс - шарасының барысында 14.10.2024ж. күні

Т. Есетов атындағы Nº 264 мектеп - лицейінің

9 «3» сыныбында «Тарих. Тағдыр. Тұлга» айдарымен көрнекті қоғам және мәдениет қайраткері Т. Жүргенов туралы «Асыл өнердің алып нары - Темірбек Жүргенов» тақырыбында тарихи - танымдык сабағы өткізілді.

Танымдық сабактың мақсаты - Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ халқына ғана емес, бүкіл Орта Азия халықтарына ортақ тұлға, ұлттың болашағын ойлап, тіліміз бен діліміздің, салт - дәстүріміздің, мәдени құндылықтарымыздың ұлықталуына айрықша іңкәрлікпен атсалысқан бірегей тұлға Темірбек Жүргенов туралы мәлімет бере отырып, өз елінің тарихи тұлғаларына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Танымдык сабакта STEAM панель арқылы такырыптық суреттер, үлестірмелі материалдар берілді. Жана тақырыпқа байланысты бейнеролик керсетілді. Сабақ барысында оқушылар ұлы тұлғаның өмірі туралы қызықты деректермен бөлісті.

Оқушыларға «Жылдарды сөйлету» әдісі арқылы Т. Жүргеновтің өмір жолы туралы тапсырма, Т. Жүргеновтің ғылыми мұрасы туралы 10 деректің дұрыстығын анықтау туралы тапсырмалар берілді.

Оқушылар ұлт қайраткері туралы мол мағлұмат алды.