Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ұлттың ұлы мерекесі – Әз Наурыз қарсаңында «AMANAT» партиясының қолдауымен «Ұлттық мұра» жобасы аясында қала көлемінде оқушылар арасында тоғызқұмалақтан тартысты сайыс өтті.
Зияткерлік ойынға қала мектептерінен елуден астам оқушы қатысып, ұлттық ойын арқылы өздерінің логикалық ойлау қабілеттері мен шеберліктерін сынға салды.
Жарыс қорытындысы бойынша Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицей командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Жеңімпаз команда бөлім тарапынан медальдармен, дипломдармен және арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жетекші және жаттықтырушы ұстаздар: Рзаев Бексұлтан, Абдираймов Арысбек, Сералиев Рахымжан, Мырзабаев Қанат, Тлеубаев Ермек, Бегімай Аян.