Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәкей Есетов атындағы
№264 мектеп-лицейінің облыстық ресурстық орталық мамандарының ұйымдастыруымен
«Ұлттық құндылық -ұрпақ тәрбиесінің қазынасы» тақырыбындағы
іс -шара өткізілді.
Мақсаты: ұлттық құндылықтарды дәріптеу
Іс шараның барысында:
1) «Көңілді үзіліс»
Көңілді үзіліс кезінде ән шырқалып,шашу шашылып,ұлттық тағамдардан ұстаздар мен оқушылар дәм татты.Ұстаздар мен оқушылар «Сиқырлы сандық»әдісі арқылы мақал- мәтелдер мен тыйым сөздердің жалғасын тапты.Барлығы белсене қатысып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
2) Ұлттық ойындар
Іс-шара этноауыл кабинетінде жалғасын тапты.Ер балалар арасында асық ату,арқан тарту ұлттық ойындары ойнатылды.
3) «Әжеммен бірге жүн түту»
Бұл кезеңде қыз балалар әжелермен бірге жүн түтіп,жүнді сабау және жүннен киіз басу туралы әңгімелесіп,мәлімет берілді.
4) «Ою-өрнектер»
Бұл бөлімде мамандар оқушылармен бірлесе отырып ою ойып,
түрлі-түсті ойылған оюлардың қиюын келтіріп текемет бетіне орналастырды.
Ұлттық құндылығымыз ұлықталған бұл күнде ұрпақтарымыз ұлағатты тәрбие алды.