Ұлттық киім – ұлттың болмысы мен мәдениетінің айнасы
Ұлттық киім күні – халқымыздың бай мәдени мұрасын, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын дәріптейтін ерекше күн. Бұл күн – ата-бабамыздан аманат болып жеткен асыл мұраға құрмет көрсетіп, ұлттық болмысымызды ұлықтайтын маңызды мереке.
Ұлттық нақыштағы киімдер мен әшекей бұйымдар – халқымыздың талғамын, дүниетанымын және рухани байлығын айшықтайтын құндылық. Әрбір ою-өрнек пен әшекейде терең мағына, тағылымды тарих жатыр.
Ұлттық киім – ұлттық рухты асқақтатып, мәдени мұрамызды дәріптейтін баға жетпес қазына.