ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ – ЖЕҢІС ЖОЛЫМЫЗ ЖАЛҒАСУДА
Ұлттық мектеп лигасы аясында 5–6 сыныптар арасында өткен тоғызқұмалақ спорт түрінен мектебіміз Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицей командасы I орынды иеленіп, облыстық жарысқа жолдама алды!
Аталған жарыс Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті. Зияткерлік ойынды талап ететін тоғызқұмалақ сайысында оқушыларымыз өздерінің тапқырлығы мен логикалық ойлау қабілеттерін дәлелдеп, лайықты жеңіске жетті.
Жетекші ұстаздары:
Сералиев Рахымжан
Мырзабаев Қанат
Тлеубаев Ермек
Абдираймов Арысбек
Рзаев Бексұлтан
Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, облыстық кезеңде де сәттілік пен жаңа белестер тілейміз!