Ұлттық өнердің ұлы тұлғасы – Ахмет Жұбанов
2026 жылдың 17 сәуір күні мектебімізде педагог, қоғам қайраткері Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 120 жылдығына арналған «Ұлттық өнердің ұлы тұлғасы – Ахмет Жұбанов» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға 5–7 сынып оқушылары мен қосымша білім беру үйірме мүшелері қатысты. Шараны музыка пәні ұстаздары, қосымша білім беру педагогтері және педагог-ұйымдастырушы бірлесе өткізді.
Мақсаты:
– Оқушыларға Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру;
– Қазақ музыка өнеріне қосқан өлшеусіз үлесін насихаттау;
– Оқушылардың пікір айту, талдау және ой бөлісу дағдыларын дамыту.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар композитордың өмір жолы, шығармашылық мұрасы және қазақ кәсіби музыка өнерінің қалыптасуына қосқан үлесі туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар сұхбат ұйымдастырылып, оқушылардың танымдық белсенділігі артты.
Іс-шара аясында Ахмет Қуанұлы Жұбановтың «Би» күйі орындалып, «Қарлығаш», «Ақ көгершін» әндері шырқалды. «Жас дарын» хор үйірмесінің мүшелері өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Сондай-ақ, қатысушылар назарына композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик ұсынылды.
Іс-шара соңында оқушылар Ғазиза Жұбанова бастаған Жұбановтар әулетінің қазақ мәдениетіндегі орны туралы ой қозғап, ұлы тұлғаның мұрасы ұрпақ жадында мәңгі сақталатыны атап өтілді.
Ұлттық өнерді ұлықтаған тағылымды шара жас ұрпаққа рухани құндылықтарды дәріптеуде маңызды қадам болды.