Т.Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінің 5 «А» сыныбында бүгін "Ұлттық валюта күніне» орай «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - Теңге» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Бұл тәрбие сағаты оқушылардың төл теңгеміздің шығу тарихы мен оның егемен еліміз үшін маңызы үлкен болғандығын түсіндіру мақсатында өткізілді. Ұлттық теңгеміз тәуелсіздікті нығайтуға көп әсерін тигізгені, сондай - ақ әлемдік банкноттар арасында ең үздік деп танылғаны да белгілі. Сондықтан да ұлттық теңгеміз туралы мәліметтер оқушылардың білім - танымын көтеру үшін ғана емес, сонымен бірге ұлттық сана - сезімі мен Отанына деген құрметін арттыру үшін де пайдалы болмақ. Осы бағытта ұйымдастырылған тәрбие сағаты жоғары деңгейде өткізіп, белгіленген мақсатын орындай алды.
Оқушылар бұл тәрбие сағатында ерекше қызығушылық пен белсенділіктерін көрсетіп, сабақ өз мақсатына толық жете алды.
Сынып жетекшісі: Нурмаханова Шолпан Махмутовна