30.01.2025 ж. күні Т. Есетов атындағы
#264 мектеп - лицейінде
«Лудомания - ғасыр дерті» тақырыбында мектеп психологтары кеңес беру сағатын жүргізді.
Мақсаты: Ойынқұмарлықтың адамның өмірін бұзып, психикалық және физикалық денсаулығына әсер етуі туралы мағлұмат беру, тәуелділік туралы ақпарат беріп, зардабымен таныстыру.
Оқушыларға: құмар ойындары деген не? Оған адам қалай тәуелді болатынын және оның зардабының қандай болатынын түсіндіре отырып, олардың құмар ойындарына қарсы білімдерін жетілдіру мақсатында видиоролик көртетілді. Оқушыларға ойын құмарлықтың қауіпті екенін ескере отырып, құмар ойындар мен компьютер ойындарына тәуелді адамдар нашақорлар мен маскүнемдер сияқты эмоционалды жандар екені ескертілді. Бұл індетпен күресуде ең маңыздысы оның елімізде үлкейіп кетуінің алдын - алу жұмыстарын жүргізу барша адамзаттың міндеті деп түсіндірілді.
Қорыта келе оқушыларға кері байланыс мақсатында сұрақтар қойылып, оқушылар тарапынан белсенділік байқалды. Құмар ойындарына қатысты өздерінң көзқарастары теріс екенін жеткізді.