Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» - ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
Ұлттық құндылықтар негізінде жасалған тәрбие сағаттарының жоспары бойынша физика - информатика бірлестігінің ұйымдастыруымен 28 қаңтар күні «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
Білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, балаларды қосымша біліммен қамту.
Байқау келесі категориялар бойынша өткізілді:
1) автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру - (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі, арнайы техника, тәжірибелік модельдер және жол таңдамайтын көліктер);
2) құрылыс саласындағы жобалар - ( тұрғын үй макеті, әкімшілік ғимараттар, коттедждер, спорттық ғимараттар, сауда орталықтары және т.б)
3) ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру - (трактор модельдері, комбайн, тұқым сепкіш, жүк тиегіш, жүк іріктегіш, шөмеле үйетін машина, ауыл шаруашылық кешендері, тәжірибелік модельдер және т.б.);
Байқау нәтижесі бойынша:
Құрылыс саласындағы жобалар категориясы бойынша «Алғыс хат»:
Алтынбек Нұрымжан - 4 «Г»
Мэлс Нұрдәулет - 4 «Г»
Сахабадин Томирис - 4 «Г»
Алдаберген Жанару - 4 «Г»
Серикова Диляра - 4 «Г»
Манасова Жансая - 4 «З»
Мұратбай Бекболат - 4 «Е»
Айғалиұлы Арсен - 3 «Е»
III орын:
Ержан Айда - 4 «Г»
Рамазан Аружан - 3 «Ә»
Битас Айша - 4 «Е»
Еркебай Бақдәулет - 4 «Е»
II орын:
Бахыт Нұрали - 4 «К»
Олжабай Самир - 4 «Г»
I орын:
Оспан Ислам - 6 «Б»
Ермекбай Нұрқанат - 4 «К»
Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру категориясы бойынша:
I орын:
Кеңес Нұрқанат - 8 «Б»
Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру категориясы бойынша:
I орын:
Нартайұлы Дидар - 4 «Е»
жүлделі орындарды иеленді.
Өнертапқыштыққа ұмтылып жүрген әрбір өренге алғыс айтамыз!