Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін мектебімізде «7 Мамыр - Отан қорғаушылар күні», «9 Мамыр - Ұлы Жеңіс күніне» арналған “Майдангерлер ұрпағымыз” атты мерекелік кеш өткізілді.

Бұл екі мереке де мемлекетіміз үшін аса қастерлі мейрам. Қазіргі тәуелсіз Қазақстанымыздың көк байрағының биікте желбіреп тұруы баршамыздың мақтанышымыз.

Бүгінгі «Майдангерлер ұрпағымыз» атты мерекелік кешт мектеп - лицейміздің директоры Тумурзаев Бек Сұлтанбекұлы құттықтау сөзімен ашылып, мектеп директоры елімізге бейбітөмір, ашық аспан тіледі.

Кеш оқушылардың дайындаған мерекелік бағдарламасына ұласты. Концертте

8 - сынып оқушыларынан құралған вокалдық топ «Журавли» әнін нақышына келтіре орындаса, Көркем - ай» би тобы «Жеңіс биін», 8 - сынып ер балалары «Жас сарбаздар» биін билеп көрермен ықыласына бөленді.

Ал 10 - сынып жігіттері АӘД пәні бойынша саптық өнер көрсетіп, әскери дайындықтарының мықты екенін дәлелдеді.

Бүгінгі ұрпақ ардақты ардагерлеріміз танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Ерлікпен жеткен Жеңіс күні тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қалатыны сөзсіз.

Еліміз аман, Отанымыз тыныш, бейбітшілігіміз мәңгілік болсын!

#bilimkzo

#264мектеп_лицей

#біртұтастәрбие

#ҰЛЫ_ЖЕҢІС

#ОТАНЫМ_ҚАЗАҚСТАН