6 мамыр күні Тәкей Есетов атындағы
#264 мектеп - лицейінде 3 "А" сыныбында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесіне орай тәлім - тәрбиелік мәні мен тағылымы зор патриоттық бағытта сыныптан тыс іс - шара ұйымдастырылды.
Сыныптан тыс іс - шараның мақсаты: тәуелсіздіктің , бейбіт өмірдің қандай жолмен келгендігі туралы оқушы ұғымына тың түсінік беру.
Іс - шара барысында сұрапыл соғыс туралы тарихи деректер оқушыларға ұсынылды.Сонымен қатар оқушылар батыр ағаларымыз бен апаларымыздың қан майданда жазған хаттарын кейіпкердің бейнесіне ену арқылы көркем сөзбен оқыды. Патриоттық әндерді құйқылжыта шырқады. Ұлы Отан соғысына қатысқан аталардың шөберелері аталары туралы тарихи мәлімет жинақтап келіп, кеш барысында үлкен мақтанышпен көрермен қауымға айтып берді. Оқушылардың іс - әрекетінен сыныптан тыс іс - шараның мақсатына жеткендігін айқын аңғаруға болады.Осы орайда Бауыржан Момышұлының мынандай даналық сөзі еріксіз ойға түседі "Батырлық дегеніміз бұл - табиғат сыйы емес, бұл - патриоттық борышыңды орындау үшін өзіңді - өзің қауіпке қарсы саналы түрде зорлап көндірудің нәтижесі".
Патриоттық тәрбие мектеп табалдырығынан бастау алса, осындай үлгі аларлық сыныптан тыс жұмыстар жиі ұйымдастырылса, әрине, жүрегі тек қана «Отан» деп соғатын жеткіншектер легі көбейері сөзсіз дер едік.